Қызметкерлердің құқықтық қорғалуын және «Русбурмаш-Қазақстан» БК» ЖШС этика және комплаенс Кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен жұмыс істейді.
Омбудсмен қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек мәселелері, кемсітушілік, жыныстық және басқа да қудалаулар, еңбек даулары бойынша түсіндірмелер мен кеңестер береді.
Омбудсмен бейтарап және тәуелсіз, істерді қарау кезінде процестерді әділ және тең құқықты жүргізуді жақтайды, қызметкерлердің ешқайсысының жағында болмайды. Ол сондай-ақ ақпараттың құпиялылығын және аталған Кодекстің құқықтары мен/немесе ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген қызметкердің және/немесе лауазымды адамның жасырын болуын қамтамасыз етеді.
Омбудсмен өз құзыреті шегінде жұмысшыларға, лауазымды тұлғаларға, еңбек дауларына қатысушыларға кеңес береді және оларға өзара тиімді, конструктивті және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі.
Серіктестіктің лауазымды адамдары мен басқа да қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша мүдделі тұлғалар төменде көрсетілген байлансы каналдар арқылы өтініш жасауға құқылы:
- тікелей "РБМ-Қазахстан" БК ЖШС Омбудсменіне Алматы қаласы? Бөгенбай батыр көшесі, 156/1 адрес бойынша немесе Омбудсменнің өндірістік учаскелерге шығуы кезінде;
- Омбудсменнің сенім телефоны арқылы +7 (727) 339 80 65, +7 705 816 23 52 және электрондық поштаға ombudsman
rbm.kz () жазбаша өтініштерді қабылдау үшін.